КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
Өмірбаян

Аскар
Куанышевич
Умаров

Басқарма төрағасы

Аскар Куанышевич Умаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді 1997 жылы «Тұран» университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Студенттік жылдары «Студ и Я» газетінің негізін қалаушылардың бірі.

Еңбек жолын 1997 жылы «Республикалық мәдениет мәселелері ғылыми орталығының» экономика жөніндегі маманы болып бастады. Әр жылдары «Малый бизнес Казахстана» журналында маркетинг жөніндегі маман, «Асар» республикалық жастар газеті бас редакторының орынбасары, саясат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

«Новости недели» газетінде, сондай-ақ «Central Asia Monitor», 50/50, «Суббота+» газеттерінде саяси шолушы болды.

2005 жылы Алматы бюросының басшысы – «Қазақстан» РТРК ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары болып тағайындалды.

«Қазэнержи» қоғамдық қорының сараптамалық-талдау тобының жетекшісі, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ бас менеджері болды. 

2008-2010 жылдары «Нұр Медиа» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болды, онда Астана фронт-офисін жалпы басқаруды жүзеге асырды, 7 газетке жетекшілік етті және мемлекеттік органдармен байланысқа жауап берді.

2011-2013 жылдар аралығында «Түркі академиясы» АҚ вице-президенті, «Астана ЭКСПО 2017» ҰК АҚ Басқарушы директоры, «Қазбизнесмедиа» Қоғамдық қорының президенті.

07.04.2017 жылы - «Қазақапарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС бас директоры.

16.01.2020 жылы  Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Түркі әлемін зерттеу бойынша бірқатар фильмдер мен көптеген ғылыми-бұқаралық басылымдардың, соның ішінде бірқатар халықаралық басылымдар мен кітаптардың авторы.

«Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері (2009 ж.). Түркі тілдес мемлекеттердің түрлі алғыс грамоталарымен марапатталды.

Отбасылы, екі ұл тәрбиелеп отыр.

 

 

Директорлар кеңесі
Басшылық

Басқарма төрағасыныӊ м.а.


Кулумбетова Зарина Мерекеқызы

Төраға орынбасары


Тлеукенов Арман Алебекұлы

Корпоративті хатшы


Алина Гүлназ Жолатқызы

Бас бухгалтер


Токмурзина Гульнара Тұйаққызы

Ұйымдастыру құрылымы