КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
Өмірбаян

Шәйкен
Мақажан
Жаңалыұлы

Заместитель
председателя Правления

Мақажан Жаңалыұлы Шәйкен 1987 жылы 20 наурызда Астана қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін туризм мамандығы бойынша (экономикалық факультеті)-туризм бакалавры, сондай – ақ Еуразия гуманитарлық институтын құқық бакалавры - құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 2006 жылы «Парасат» ақпараттық-талдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің талдаушысы болып бастады.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің баспасөз орталығында менеджер болып жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті мемлекеттік сатып алу, қаржылық және ұйымдық-құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы.

2009 жылдан 2010 жылға дейін – «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамында ақпараттық-талдау тобының маманы.

2010 жылдан 2012 жылға дейін– Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаменті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы, бастығы қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары - медиа-талдау және құқықтық бағалау басқармасының бастығы, құқықтық талдау басқармасының бастығы, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында медиа-талдау және болжау басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы.

2016 жылдан бастап–Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары.

2020 жылғы 27 қаңтарда «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Директорлар кеңесі
Басшылық

Басқарма төрағасыныӊ м.а.


Кулумбетова Зарина Мерекеқызы

Төраға орынбасары


Тлеукенов Арман Алебекұлы

Корпоративті хатшы


Алина Гүлназ Жолатқызы

Бас бухгалтер


Токмурзина Гульнара Тұйаққызы

Ұйымдастыру құрылымы