Сайт в процессе наполнения и корректирования. Приносим свои извинения за временные неудобства

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Казинформ

Агенттік туралы

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ – Қазақстанда бірінші болып халықаралық дәрежеге ие болған жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі.

ҚазАқпарат 100 жылдан астам уақыт ішінде саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның басқа да маңызды салалары туралы сенімді және жедел ақпарат таратып келеді.

ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Үкіметтің, аймақтық билік органдарының, ұлттық қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдардың қызметі туралы ресми ақпарат таратылады.

Бүгінде ҚазАқпараттың ақпараттық қызметі бұл:

– Мемлекеттік ақпараттық саясат;

– Әдебиет;

– Тарих;

– Ойын-сауық;

– Мультимедиа;

– SMM.

ҚазАқпараттың қызметі қазақ, орыс, ағылшын, қытай және өзбек тілдерінде жүргізіледі, шетелдерде тұратын отандастарға қазақ тіліндегі жаңалықтарды беру үшін латын графикасы мен араб төте жазуы пайдаланылады:

www.inform.kz ақпарат агенттігі;

www.baigenews.kz ақпарат агенттігі;

www.baq.kz қазақ тілді ақпарат агенттігі;

www.strategy2050.kz аналитикалық-шолу порталы;

www.primeminister.kz ҚР Премьер-Министрінің рсеми сайты;

www.adebiportal.kz әдеби порталы;

www.e-history.kz «Қазақстан тарихы» интернет жобасы;

www.el.kz (assembly.kz) ақпараттық-танымдық порталы;

www.kaztube.kz видео порталы;

– ҚР-дағы Covid-19 туралы ресми ақпарат беретін www.coronavirus2020.kz сайты.

Агенттіктің орталық кеңсесі Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Елдің қаржылық және мәдени орталығы Алматыда оның филиалы - тілшілер бюросы бар.

ҚазАқпаратта өзге отандық ақпарат агенттіктерінде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Ресей, Қытай, Түркия, Еуропа, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.

Бүгінде ҚазАқпарат пайдаланушыларының географиясы 229 елді қамтиды.

Журналистиканың үздік дәстүрінің сақталуы, сапалы контент өндіру, технологиялық базаны жақсарту және кәсіби топтың реттелген жұмысы агенттік қызметінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуіне сеп болып отыр.

ҚазАқпарат ұжымы - бұл белгілі теле- және радиожурналистер, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаттары, халықаралық және аймақтық конкурстардың жеңімпаздары, құрмет атақтары мен сыйлықтарының иегерлері.

Серіктестер

Қазіргі уақытта Агенттік бүкіл әлем бойынша 50-ге жуық, оның ішінде ТАСС (Ресей), IRNA (Иран), ANSA (Италия), YONHAP (Корея Республикасы), МОНЦАМЭ (Моңғолия), Anadolu Agency (Түркия), Kyodo (Жапония), MTI/DUNA (Венгрия), УзА (Өзбекстан) FENA (Босния және Герцеговина), АzәrTAС (Әзірбайжан), TREND (Әзірбайжан), Armenpress (Армения), БелТА (Беларусь), MENA (Мысыр), Синхуа (Қытай), XOBAR (Тәжікстан), KABAR (Қырғызстан), Татар-Информ (Татарстан Республикасы), Башинформ (Башқұртстан), EBR (Бразилия) ақпарат агенттіктермен уағдаластыққа ие.

Сонымен қатар, «Қазақпарат» ХАА ОАНА ақпараттық агенттіктері халықаралық қауымдастығының (Азия және Тынық мұхиты елдерінің ақпараттық агенттіктері ұйымы), ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық ақпараттық агенттіктері қауымдастығының (АНИА), түркітілдес елдердің ақпараттық агенттіктері ұйымының (ТКА) мүшесі болып табылады.

Тарих беттері

1920 жылы - Алғашқы қазақстандық ақпарат агенттігі «РОСТА»-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі құрылды.

1925 жылы - Агенттік атауы ҚазРОСТ болып өзгерді.

1937 жылы - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.

1997 жылы - «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2002 жылы - ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды.

2008 жылы - «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді.

2013 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі болып құрылды.

2020 жылы – «Қазконтент» АҚ-мен бірігіп, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақапрат агенттігі» АҚ құрылды.


Біздің басшыларымыз болғандар:

Аркадий Иванович ВЯТИЧ-КИРИЛЛОВ

Қасым ШӘРІПОВ

Кәкімжан ҚАЗЫБАЕВ

Жұмағали ЫСМАҒҰЛОВ

Амангелді АХМЕТӘЛІМОВ

Мұрат ӘРЕНОВ

Ғаділбек ШАЛАХМЕТОВ

Жанай Сейітжанұлы ОМАРОВ

Дәурен Кеңесұлы ДИЯРОВ

Әсел Дулатқызы ТӨЛЕГЕНОВА

Директорлар кеңесі

Суйндик Ляззат Кенесовна

Директорлар кеңесінің мүшесі

Ойшыбаев Кемелбек Бактыгулович

Директорлар кеңесінің төрағасы

Ахметов Ербол Сабыржанович

Директорлар кеңесінің мүшесі

Омаров Камбар Татибаевич

Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіз директоры

Умаров Аскар Куанышевич

Директорлар кеңесінің мүшесі

Айдарбекова Салтанат Кенжекуловна

Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіз директоры

Атауы:

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы

Редакцияның байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмешіт көшесі, 3, «Park Line» БО.


Есепке қою туралы куәліктің нөмірі мен күні және оны берген органның атауы:

17.08.2020 № KZ20VPY00025956, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат миристрлігі Ақпарат және архивтер комитеті

Директорлар кеңесі
Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы

Директорлар кеңесінің төрағасы


Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі

Ыбырайымов Қалымжан Уалханұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі


Ыбырайымов Қалымжан Уалханұлы

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Карашина Бахнияз Саулетқызы

Директорлар кеңесінің мүшесі


Карашина Бахнияз Саулетқызы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры

Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі


Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы

 Тәуелсіз директор

Досаева Аида Өміртайқызы

Директорлар кеңесінің мүшесі


Досаева Аида Өміртайқызы

Тәуелсіз директор

Басшылық

Басқарма төрағасыныӊ м.а.


Кулумбетова Зарина Мерекеқызы

Төраға орынбасары


Тлеукенов Арман Алебекұлы

Корпоративті хатшы


Алина Гүлназ Жолатқызы

Бас бухгалтер


Токмурзина Гульнара Тұйаққызы

Ұйымдастыру құрылымы